04.11.2016
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2016 жылғы қазанда өткен аймен салыстырғанда 1,2%, 2015 жылғы қазанмен – 10,5%-ға жоғарылады.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 15,4%, жемістер мен көкөністерді – 15%, нан және жарма өнімдерін – 8,1%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,5%-ды құрады.