• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматыда  ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының филиалы  ашылады 11.10.2016

Қазақстанда мектептердің жанында әскери-патриоттық және әскери-спорттық құралымдар желісі белсенді түрде дамуда, әскери-шефтік байланыс кеңеюде, әскери және азаматтық жастар арасында өзара іс-қимыл нығаюда.

Бүгінгі таңда әскери сарапшылардың баға беруі бойынша әскери-патриоттық клубтың  төртінші дерлік тәрбиеленушісі өзінің өмірін армиямен байланыстырады. Қорытынды ретінде әскери-патриоттық клубтардың қабырғасында тәлім-тәрбие алған және шыныққан, әскерге шақырылған немесе әскери оқу орындарына оқуға түскен жастардың әскери ғылымның қыр-сырын меңгеруде анағұрлым жоғары дағдылары бар, армиялық қызметтегі жағдайларға жеңіл бейімделеді.  

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді арттыру үшін ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Алматы армия үйінің базасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының филиалын құру жөнінде тапсырмалар берді. Онда әскери-тарихи мұражайды, гарнизондық ансамбль мен Аэроұтқыр әскерлерінің оркестрін орналастыру жоспарлануда. Сондай-ақ, ардагерлер ұйымы орналасады.

Келешекте жергілікті атқару органдары және қоғамды ұйымдармен іс жүзіндегі өзара іс-қимыл аймағымен әскери-патриоттық, жас армия және ардагерлер қозғалысын үйлестіру мен қолдау жөнінде диалогті алаңдардың рөлін атқаратын Қазақстанның өзге де қалаларында осындай филиалдарды құру мәселесі пысықталады.

Астанада шоғырланған ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталықты 2015 жылдың желтоқсанында Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ашқанын айта кетейік. Бүгінгі күні ол жерде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, мемлекеттің әскери тарихын, жауынгерлік дәстүр мен әскери жөн-жоралғыларды зерделеу және насихаттау аясындағы жұмыс кеңінен жүргізіледі.

 


Back to the list