• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астана мен Алматы әуежайлары ТМД бойынша ірі он әуежайдың қатарында - ИДМ 11.10.2016

Елдегі жұмыс істеп тұрған республикалық және облыстық маңыздағы 18 әуежайдың жыл сайынғы жолаушыларға көрсететін қызметінің жартысынан көбі Алматы мен Астана әуежайларына тиесілі.

Соңғы 5 жылда Алматы мен Астана әуежайларының қызмет көрсететін жолаушылар үлесі артып, жыл сайын 68% құрап отыр. Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларының әуежайлары одан кейінгі орында тұр және саладағы жалпы жолаушыларға қызмет көрсетуі 7-5% құрайды. Ал, Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау және Петропавл қалалары әуежайларының жолаушыларға қызмет көрсету саны бойынша төменгі көрсеткішке ие.

2015 жылы Астана мен Алматы әуежайлары жолаушыларға қызмет көрсету саны бойынша ТМД мүше-мемлекеттер әуежайларының халықаралық ірі ондығының қатарына енді. Қазіргі уақытта Қазақстанда ішкі әуе рейстерді 39 бағыт бойынша 6 қазақстандық әуе компаниясы атқарады.

Бүгінгі таңда халықаралық және ішкі әуе рейстерін атқаратын қазақстандық әуетасымалдағыштардың заманауи әуе кеме парктері бар. Сонымен қатар, «Эйр Астана», «СКАТ», «Бек Эйр» және «Qazaq Air» сияқты 4 негізгі әуе компаниясының ұшу қауіпсіздігінің барлық талаптарына жауап беретін шетелдік заманауи ұшақтары бар.


Back to the list