05.10.2016
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2016 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда 1,7%-ға төмендеді, 2015 жылғы қыркүйекпен – 13,4%-ға жоғарылады.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,1%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 15,4%, жемістер мен көкөністерді – 14,7%, нан және жарма өнімдерін – 8,2%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,6%-ды құрады.