10.02.2015
Белгілі болғандай, 6 жылдан астам болашақтықтардың көшбасшысы Бауыржан Баубек болған еді. 2008 жылдан бастап ол Қауымдастыққа басшылық етеді және Кеңес Төрағасы болып табылады. Кеңес 17 мүшеден құралған, солардың ішінде мемлекеттік және бизнес құрылымдардың, ұлттық компаниялар, банктер, даму институттарының басшылары, саяси мемлекеттік қызметкерлер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері бар. Уәкілеттік ету мерзімі аяқталуына байланысты Кеңес құрамы кемінде жартысына жуық жаңартылады.
14 жыл бұрын құрылған Қауымдастық бүгінгі таңда ең табысты қоғамдық ұйымдардың біріне айналды. Ол президенттік бағдарламаның 10 мыңнан астам стипендианттарының мүдделерін қорғайды, мұнда тек болашақтықтар ғана емес, сонымен бірге белсенді қазақстандық жастар біріктірілген.
Осы уақыт аралығында болашақтықтар білім беру, білім трансферті, ұлттық мәдениетті және мемлекеттік тілді дамыту, сарапшылық әлеуетті қалыптастыру саласында 60 астам ірі әлеуметтік жобаны іске асырды.