• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2014 жылы әскери химиктер 50-ден астам жаттығу өткізді - ҚМ (Фото) 09.02.2015

Қорғаныс министрлігі  хабарлағандай, өткен 2014 жыл ішінде РХБҚ әскери қызметшілері 50-ден астам жаттығуға, 100-ден астам күзет іс-шараларына қатысып, 1000-нан астам түрлі объектілерге тексеру жүргізді. Биыл да бірқатар сабақтар кешені жоспарланған.

«Барлық лауазымды адамдардың негізгі күш-жігері Отан қорғаушы деген кәсіптегі басты құраушы болып табылатын жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру мен жүргізуге жұмылдырылуы тиіс. Бірігіп күш салсақ қана біз Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін әрі қарай нығайту ісінде табысқа қол жеткізе аламыз», - деп атап өтті Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев. Бүгінгі таңда радиациялық, химиялық және ерекше айта кетерлігі биологиялық барлау жүргізу, қару-жараққа, киім-кешекке, жергілікті жерге дезактивация, дегазация, дезинфекция жасау осы әс

кердің міндетіне жатады. Дәл осы РХБҚ әскерлері ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамын және халықты ядролық, химиялық және биологиялық қарудың зақымдау факторларынан қорғауды қамтамасыз етеді. Олар ядролық энергерика және химия өнеркәсібі кәсіпорындарындағы аппаттардың салдарын жоюға тартылуы мүмкін. Бұл әскердің құрамына отшашу-өртеу құралдарын және бүркемелеу түтіндерін қолдануға арналған бөлімшелер де енеді.


 


Back to the list