• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ӘӘҚ нұсқаушы ұшқыштары жазғы даярлықты бастады (Фото) 06.02.2015

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, сондықтан нұсқаушылар өздерінің ұшу даярлықтары кезінде дағдыларын жаңартып, ұшқыш ретінде де , педагог ретінде де шеберліктерін шыңдай түседі. Курсанттарды оқыту сапасы, олардың теориялық білімді меңгеруі және оны іс-жүзінде пайдалана білуі нұсқаушы ұшқыштардың даярлық деңгейіне байланысты.

Ұшу даярлығы барысында тәжірибесі мол нұсқаушы ұшқыштар өздерінің жас әріптестерін үйретсе, ал олар өз кезегінде курсанттарды тәрбиелейтін болады. «Біздің мамандықтағы басты басымдық – бұл оқу процесі, ұшу даярлығы оның ажырамас бөлігі болып саналады», - деп атап өтті институт бастығы полковник Марат Ботин.

Сондықтан да нұсқаушы ұшқыштар курсанттар даярлығы басталғанға дейін кәсіби тұрғыда толық дайын болуға бар күшін салады. Олар жастарды ұшуға үйретіп, өздеріне деген сенімділіктің қалыптасуына жағдай жасайды, қанат береді.

 


Back to the list