03.02.2015
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, Келісім кәсіпкерлікті консолидация және тараптардың мақсатқа қойылған міндеттерді орындау арқылы дамытуды қарастырады.
Келісімге қол қойылу тараптардың одан әрі агроөндірістік кешенді дамыту саласында әр тараптың мүмкіндігін кеңейтуге септігін тигізеді.
Айта кетерлігі, өткен жылдың қорытындысы бойынша ҚР ҰКП мен ҚР АШМ 320 нормативтік-құқықтық актілерді қарастыру және 80 кеңес төңірегіндегі ауқымды жұмыстарды атқарды. ҚР Үкіметінің 35 тапсырмасы бірігіп қаралды.
Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында Ұлттық палата агроөндірістік кешеннің өзекті мәселелерін шешу бойынша шаралар жоспарын дайындады. Аталмыш жоба мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, инвестициялық жобаларды қаржыландыру, ауыл шаруашылығы саласына кадр тарту салаларының өзекті мәсеелерін шешуге бағытталған. Қазіргі таңда Жол картасының жобасы Ұлттық экономика министрлігінің қарауында жатыр.