• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматы оқушыларын  «Отбасы мен мектеп бірге» FAST бағдарламасы арқылы қоғамда бейімделуге  үйретеді 03.02.2015

ҚР ІІМ хабарлағандай, Алматы қаласының үш мектебінің оқушылары (№50 орта мектеп, №28 мектеп-лицей, №73 мектеп-гимназия) өздерінің ата-аналарымен бірге 8 апта бойы өзара, әріптестерімен, мұғалімдермен және мектеп әкімшіліктерімен бірге іс-қимыл жасауға үйренеді. Күтілетін нәтиже – тұрмыста, мектепте және қоғамда бейімдеу, әлеуметтендіру және табыстылық деңгейін арттыру.

Бағдарламаның негізгі міндеттері – балаға тыйым салу факторларының жүйесін құру, ата-аналарын қолдау және ата-ана ұстанымын күшейту; бала және отбасы үшін күнделікті тәуекелді; ішімдікті, есірткіні және басқа да психобелсенді заттарды теріс пайдалануды  психологиялық тәуелділікке тартуды (ойын құмарлыты, интернетке тәуелділікті) төмендету; мектеп істеріне ата-аналардың қатысуын кеңейту.

FAST бағдарламасы Австрия, Австралия, Великобритания, Германия, Нидерланды, Канада, Ресей, АҚШ т.б. оқу орындарында табысты қолданылуда. Аталған бағдарламаны химиялық және психологиялық тәуелділіктің алғашқы  профилактикасының тиімді құралы ретінде – БҰҰ-ның беделді агенттігі UNODC ресми ұсынады.

Қазақстанда  FAST-тың пилоттық жобасы 2010 жылдан 2012 жылға дейін БҰҰ ЕҚБ-ның техникалық қолдауымен Шымкент, Павлодар және Астана қалаларында жүргізілді.

 

 


Back to the list