02.02.2015
Семинарлар 2015 жылдың 2 - 5 ақпанында өтедi. Назарбаев Университеті «Ньютон-Әл Фараби» грантын алған қазақстандық мекемелердің алғашқыларының бiрі болып табылады.
Семинарлардың мақсаты қатысушыларды мемлекеттік қызмет көрсету саласында халықаралық инновациялармен таныстыру, Ұлыбритания мен Қазақстанның жас ғалымдары арасында осы саладағы білім мен тәжірибе алмасуды ынталандыру.
«Қазақстан әлемдік саяси тәжірибелерді қолданушылардың белсендісі ретінде септеледі. Өзге елдердің тәжірибесін жетік зерттеген Қазақстан Үкіметі оны тәжірибеде жете қолдануда. Өзге елдер Қазақстанның тәжірибесін зерттеп қиын-қыстау кезеңде қолданылуда. Аталмыш семинар Қазақстанның егемен жас ел ретінде халықаралық ынтымақтастыққа әзір екенін байқатады», - деді Назарбаев Университеті Мемлекеттік саясат жоғарғы мектебінің деканы Нилл Коллинз.
Семинарларға Эдинбург университетi мен Эксетер университетiнен және Қазақстанның әр түрлi зерттеу және бiлiм беру мемлекеттiк мекемелерінен жас ғалымдар, докторанттар, оқытушылар мен практиканттар қатысады.