• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2015 жылы арал тұзының өндіріс көлемі ұлғаяды (Фото) 03.02.2015

Брикеттелген тұз шығаратын және ас тұзына арналған  қаптама шығаратын цехтар іске қосылды. Бұл комбинат 2013 жылы толықтай қайта жабдықталды. Испаниядан арнайы құрал-жабдықтар әкелініп, орнатылды. Бүгінде комбинатта 800-ге тарта адам тұрақты жұмыс істейді. Мұнда тұз­дың да түр-түрі өндіріледі. Ас тұзынан ­бастап, мал бордақылау кезінде ­жем­ге қосып беретін брикеттелген тұз бар. Жаңадан іске қосылған цехта малға арналған тұз өндіріледі, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Айына 1200 тонна тұз өндіруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, ас тұзы енді жаңа үлгідегі қаптамада шығады. Цехта айына 30 тонна қажетті қаптамалар дайындауға мүмкіндік бар.

Жаңадан қосылған екі цехта қосымша тұрақты  60 жаңа жұмыс орны ашылды. Жалпы, комбинатта айына 23 мың тоннадан астам өнім шығарылады. Кәсіпорын өнімдері негізінен, Ресей мемле­ке­тіне жөнелтіледі. Нақтыласақ, көр­шілес елге айына 6400 тонна бәсе­келестікке төтеп бере алатын өнім­дер жөнелтіледі, ал қырғыз еліне мың жарым тонна сапалы ас тұзы жіберіледі. Түркия, Өзбекстан елдері де тұтынушылардың қатарында. Еліміздің барлық өңірі де осы Аралдың ас тұзын пайдаланып отыр.

 

 


Back to the list