• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бөлімшелерінде  онлайн оқыту өткізілуде 02.02.2015

ҚТЖ-ның хабарлауынша, Орал, Атырау, Маңғыстау және Ақмоладағы жол және жеке магистралдық желі бөлімшелері Компанияға енгізілген менеджмент жүйесі туралы ақпаратпен танысты, сондай-ақ, халықаралық стандарттардың негізгі қағидалары түсіндіріліп, қауіпті, экологиялық аспектілерді анықтау және оны бағалау бойынша тәжірибе жүзінде сабақтар өткізілді.

Техникалық тәжірибелік сабақтар барысында маңғыстаулық жол бөлімінің мамандары тақырыпты тереңінен меңгергендігімен ерекше көзге түсті.

ҚТЖ-дан атап өткендей, байланыстың видеоконференциясы арқылы техникалық оқулар өткізу  Компанияның аймақтық және желілік бөлімшелерімен байланыс орнатуда және оқулар өткізуде басты құралға айналуы бек мүмкін.

 


Back to the list