02.02.2015
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, шығармашылық ұжым Алматы гарнизонында 5 ақпан күні концерт беріп, Жеңістің 70-жылдық мерейтойына соғыс ардагерлеріне тарту жасайды. Концертте Бас штаб бастығының орынбасары – ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі департаментінің бастығы полковник Мұхамеджан Таласов Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен, әскери оқу орындарының курсанттарымен, гарнизон әскери қызметшілерімен, сонымен қатар Алматының студенттерімен салтанатты кездесуі өткізеді.
ҚР ҚМ Орталық ансамблінің дарынды әскери қызметшілері халық әндері мен патриоттық әндерді, басқа да танымал музыкалық композицияларды орындайды. Әскери музыкалық ұжымның әртістері өздерінің шығармашылықтарымен бөлісуге әрдайым риза. Олар елімізде гастрольдермен концерттер беріп, түрлі іс-шараларда қатысады. Ансамбльдің шығармашылық өміріндегі есте қаларлық оқиғаның бірі – олардың «Х-фактор» жарысына қатысуы. Басты жүлдені ұтып алмаса да, олар бүкіл Қазақстанға Қарулы Күштердің беделін арттырды.