30.01.2015
74 жас армияшыға арнап мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің тұрмыс-тіршілігін көрсетілді, әскери техника мен қару-жарақ көрсетілді. Әрбір жас армияшы Т-92 танкінің арнайы тренажерын басқаруға мүмкіндік алды.
«Бөлім командирі подполковник Тұрдалы Тұрғанбаев оқушылармен әңгіме барысында Отанымызды қорғау ісінде, оның жарқын болашағы жолында аса маңызды орын алатын отансүйгіштік, бірлік, еңбекқорлық пен қажырлылық туралы сөз қозғады», - делінген хабарламада.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшылығы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу ісіне ерекше көңіл бөлетіндігін айта кеткен жөн. Өткен 2014 жылы «Шығыс» ӨҚ Ерлік сабақтары, Жас армияшылар күні, ашық есік күні, «Сарбаз ботқасы», «Біз – Жеңістің ұрпағымыз», «Патриот» атты акциялары, «Отан қорғаушылар күні», «Армия – балалар көзімен» сияқты атты сайыстар, әскерилендірілген ойындар мен эстафеталар түріндегі 200-ден астам іс-шара өткізді.
Ағымдағы 2015 жылы «Шығыс» ӨҚ қолбасшылығы еліміздің жоғары оқу орындарын қамтып өздерінің қамқорлық байланыстарын кеңейтуді жоспарлап отыр. Естеріңізге сала кетсек, әр гарнизонда жалпы білім беретін мектептерге, балалар үйі мен жоғары оқу орындарына әскери-патриоттық тәрбие саласында көмек көрсету бойынша гарнизон бастығының бұйрығы шығарылған болатын.