30.01.2015
Көрмеге облыстың аудандаы мен қалаларынан 50 шақты мүмкіндігі шектеулі жан қатысты. Олардың әрқайсысы өз қолдарынан шыққан бұйымдарын да ала келген. Олардың арасында бейнелеу өнері мен тоқымашылық және мүсін өнері туындылары бар, деп хабарлайды ұлттық палата.
«Жоба қатысушыларының бірі Дәркей Мұхаметхан. Ол өткен жылы Кәсіпкерлер палатасының Алтынсары бөлімшесінің ат салысуымен тігін шеберханасын ашу грантын ұтып алған болатын. Енді ол қазжетті құрылғыларды сатып алып, ұлттық киімдер мен арнайы киімдер тігумен айналысып жатыр. Жәрмеңкеге кез келген адам келіп сауда жасай алады», - делінген хабарламада.
Тұтынушылар арасында өңір кәсіпкерлері бар. Олар дарындардың өнерін тамашалап, ұнаған бұйымдарын сатып алып жатыр.