29.01.2015
«9 мамырда Мәскеудегі парадқа біздің ардагерлердің қатысуы жөніндегі жұмыс бақылауға алынды. Бұл парадқа 70-ке жуық адам барады деп көзделіп отыр. Елшілік барлық ұйымдастырушылық іс-шараларды өз мойнына алады. Ардагерлер шара біткен соң майдандағы әскери атақты жерлерді аралайтын болады», - деді С.Ордабаев.
Сыртқы саясат ведомсвтосының хабарлауынша, қазіргі таңда Қызыл алаңға үш адамға квота бар. «Бұл квотаны Ресей Федерациясы бөлді. Бірақ біздің Ресеймен ерекше қарым-қатынасымыз ескеріле отырып, қазір үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Көрші елдегі біздің елшіге тиісті тапсырма берілді», - деп толықтырды ол.
Вице-министр атап өткендекендей, ардагерлердің парадқа қаысуы қатаң бақылауға алынған. Осындай міндет Қазақстанның Беларусь және Украина мемлекеттеріндегі елшіліктеріне де тапсырылған.
Камила Амирова