29.01.2015
«Мерейлік датаны тойлау үшін Қорғаныс министрлігі Астанада сәуір айында әскери-патриоттық форум өткізуді жоспарлап отыр. Форумға ел басшылығы мен өңірлердің делегаттары қатысады. Әскери-патриоттық форум аясында көрме алаңын құрып, Мемлекет басшысына әскери-патриоттық тақырып аясындағы әзірлемелерді таныстыру жоспарланған», - деді М.Таласов.
Оның ақпараты бойынша, қазіргі таңда Қазақстанда 1812 әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді, олар 62 мың жасты қамтып отыр.
Бас штаб бастығының орынбасары айтып өткендей, ҚР Премьер-Министрі қаулысымен мерейлі мерекелік шараларды өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылды.
Камила Амирова