29.01.2015
Турнирге қатысуға Ресей, Белорусь, Австралия, Египет, АҚШ және біздің елден халықаралық дәрежедегі гроссмейстерлер, әр жылдардағы чемпиондара жиналды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
«Павлодар қаласында шахматтан үлкен жарыс өткізу біз үшін ерекше мәртебе. Шахмат ойыны – терең ақыл мен білім шайқасы. Бұл турнирге әлемнің ең мықты шахматшылары қатысады. Біздің өңірден танымал және мықты шахматшылар шығады деп сенеміз. Барлық қатысушыларға табыс пен жеңіс тілеймін!» – деді аймақ басшысы Қ.Бозымбаев.
Шахмат ойыны 9 турдан тұратын айналма жүйе бойынша өтеді. Бақылау уақыты: бірінші жүрістен бастап әр жүріс үшін 10 секунд қосымша уақытпен партия аяғына дейін - 15 минут. Жарыс ХШФ (халықаралық шахмат федерациясы) ережесі бойынша жүредіТурнирдің жүлде қоры 3 млн. теңге.