29.01.2015
Офицерлер ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері әскери қызметшілерінің қызметтік-жауынгерлік тыныс-тіршілігінің ерекшеліктерімен, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысты. Сонымен қатар, «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кемесі экипажымен ашық теңізге шығу жоспарланған, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
«Осындай тәжірибелік оқудан кейін ӘТК әскерлеріне келетін магистранттарға жұмыс мөлшерін, осы әскер түрінің басты даму бағыттарын анықтап, жеке құрам қызметін оңтайлы ұйымдастыруға өз көмегін тигізеді. Қазақстанның Әскери теңіз күштеріне өте маңызды мемлекеттік міндет жүктелген», - делінген хабарламада.
Олар Каспий теңізіндегі қазақстандық сектордың су үсті және су асты ахуалын бақылап, топографиялық және теңіз карталарын жасау мақсатында теңіз түбі бедерлерін зерттейді. Әскердің аталмыш түрі кезең-кезеңмен дамып келеді.