• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмағандардың сотталуы 36%-ға азайды 28.01.2015

«Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмағандардың сотталуы 36%-ға азайды. Бұл қуанышты хабар. Ал жалпы темір тордың ар жағына тоғытылғандар саны екі есе төмендеді», - дейді М.Шегенов.

Оның айтуынша, Қазақстанда сотталушылар саны азайғанымен қоса ақталып шыққандар саны да ұлғайып отыр. 2014 жылы 25 079-ы сотталса, соның 458-і ақталып шыққан. Ал жалпы сотталғандардың тек 38,6% ғана бас бостандығынан айырылған.

Жалпы, Шегеновтің пікірінше,  республика бойынша сот жұмысына оң баға беруге болады.

«Сот жұмысы айтарлықтай жақсарды. Оған дәлел өткен жылғымен салыстырғандағы абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер дәлел», - дейді қазы.

Индира Қауметова


Back to the list