27.01.2015
Өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 216 кәсіпорнында 13,7 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 1,6 млрд. теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады, деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 154 ұйғарым беріліп, 13 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
«Атқарылған шаралар, оның ішінде жалақы бойынша қатаң кестелер және қарызды өтеу мерзімін нақты белгілеу нәтижесінде 12,6 мың жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 1,5 млрд. теңге төленді», - делінген хабарламада.
Жалпы, өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 7232 тексеріс жүргізіп, 21 мыңнан астам ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықтап, 287,4 млн. теңге сомаға айыппұл салды.