25.01.2015
«Ақмола Медиа Орталығында» хабарлағандай, шара мұз қалашағын құрастыру мақсатында ұымдастырылды. Шараға белсенді түрде Назарбаев мектебінің оқушылары мен оқытушылары, Көкшетау техникалық институтының курсанттары қатысты. Акция 1 айға жалғасты.
«Көптеген балалар үшін қыс мезігілі – ғажайып мезгіл, ол қыс ертегісін жүзеге асырады. Үлкендер Көкшетау алаңында балалардың арманын жүзеге асырды», - делінген хабарламада.
КММ директоры Рысты Баймағамбетованың айтуынша, акцияның мақсаты – балаларға қуаныш пен мереке сыйлау.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Махаббатпен балаларға» номинациясы бойынша жеңісті Көкшетау техникалық институты иеленді.
Балалар концерттік бағдарлама дайындап, келесі мерекелерді тағатсыз күтетіндерін жеткізді.