23.01.2015
Экскурсия шеңберінде балалар әскери бөлім аумағында орналасқан түрлі объектілерді аралап, әскери техника мен қару-жарақ түрлерімен танысты. Осындай іс-шаралар ҚР ҚК әскери бөлімдерінде тұрақты өткізіліп тұрады.
Ол өз кезегінде өсіп келе жатқан ұрпақтың әскери-патриоттық сана-сезімдерінің қалыптасуына елеулі үлес қосып, әскери қызметтің беделін арттырады. Әскери қызметшілер өз үлгілерімен балаларға туған елді қорғау жөніндегі азаматтық борышты атқарудың маңыздылығын көрсетеді. Осылайша олар Қазақстанның болашақ патриоттарын тәрбиелеу ісіне өз үлестерін қосуда.