• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2014 жылы Астанада 22 мыңнан астам туылғандар  тіркелді 22.01.2015

«Алматы» ауданы бойынша - 379295 (44,6%), «Есіл» ауданы бойынша - 125826 (14,8%), «Сарыарқа» ауданы бойынша - 345289 (40,6%) адамды құрады.

2014 жылдың басымен салыстырғанда, Астана қаласы халқының жалпы саны  35975 адамға, оның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 11268 адамға, «Есіл» ауданы бойынша  -  12022 адамға, «Сарыарқа» ауданы бойынша - 12685 адамға көбейді.

2014 жылғы қаңтар-қарашада халықтың табиғи өсімі 18887 адамды, көші-қон өсімі  17088 адамды құрады.

2014 жылғы қаңтар-қараша аралығында Астана қаласы бойынша тұтастай алғанда 22141 туылғандар тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1%-ға көп. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 11,8%-ға көтерілді және 18887 адамды құрады.

2014 жылғы қаңтар-қарашадағы АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға, ажырасулар саны 8,4%-ға өсті.

 


Back to the list