21.01.2015
«Инженерлер осы 21 қаңтарды инженерлік әскерлердің құрылған күні деп санайды. Олар осы кәсіби мейрамды 1701 жылы тұңғыш инженерлер мектебінің ашылуымен байланыстырады. Тәуелсіз Қазақстанда инженерлік әскерлер ҚР Қарулы Күштерінің құрылу кезінен бастап бар», - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда аталған әскерлерде 2 000-нан астам адам қызмет етеді. Әскери мамандардың құрамы Құрлық әскерлері Әскери институтының, 10228 әскери бөлімі базасындағы саперлік бригаданың түлектерімен толығып отырады. Инженерлік әскерлер еліміз Қарулы Күштерінде ерекше орын алады.
Соғыс уақытында инженерлер әскерді ұрысты үздіксіз жүргізуге қажетті жағдайды қамтамасыз етеді (көпірлер мен окоптар жасайды, даланы минадан тазартады, жолдар салады және т.б.). Бейбіт уақытта олар түрлі техника мен жұмыс істеу дағдыларын шыңдап, қару-жарақтың жаңа түрлерін зерделейді, қажет болған жағдайда табылған жауынгерлік снарядтарды жою, миналарды залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды атқарады.