• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ОҚО-да кәсіпорынның 80-ге жуық қызметкерінің конституциялық құқықтары қорғалды 20.01.2015

«Кәсіпорынның 78 қызметкерінің конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында Сарыағаш аудандық прокуратурасымен «Облыстық «Сарыағаш» балалар шипажайы» МКҚК-ның бас дәрігері атына ұсыныс енгізіліп, қарау нәтижесімен 78 қызметкерге 6 771 209 теңге мөлшерінде жалақылары толық көлемінде төленіп конституциялық құқықтары қорғалды», - делінген хабарламада.

Аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің талаптарының сақталуына және мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржылардың мақсатты жұмсалуына тексеру жүргізген болатын.

Тексеріс барысында кәсіпорындармен 2014 жылдың қараша-желтоқсан айларына 78 қызметкеріне жалпы сомасы  6 771 209 теңге мөлшерінде жалақылары бойынша берешек туындағаны анықталды.

 


Back to the list