19.01.2015
Атап айтсақ, 20 қаңтарда - халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитетінің мүшесі Абай Тасболатов, 22 қаңтарда – бюджет және қаржы бойынша комитетінің мүшесі Глеб Щегельский, 27 қаңтарда – экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша комитетінің мүшесі Тәңірберген Бердіоңғаров және 29 қаңтарда – халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитетінің мүшесі Бақытжан Ертаев азаматтарды қабылдайды.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов азаматтарды 21 қаңтарда қабылдаса, Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиевтің қабылдауы 23 қаңтарға, Қаржы вице-министрі Руслан Даленовтың азаматтармен кездесуі 28 қаңтарға жоспарланған.
Қабылдау мына мекенжайда өтеді: Астана қ-сы, Кенесары көшесі, 25 үй, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдауы сағ 10.00 ден 13.00-ге дейін.
Қабылдау басталуға 3 жұмыс күні қалғанда жазылуға болады:
- www.kk.nurotan.kz мекенжайы бойынша Электрондық қоғамдық қабылдауы арқылы
- Бірыңғай Call-орталығы бойынша 59-78-50,
- Мекенжайы бойынша Республикалық қоғамдық қабылдауда (Астана қ-сы, Кенесары көшесі, 25)
Сонымен бірге облыс орталықтары мен Алматы қаласының тұрғындары қабылдау бейнеконференция режимінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдарында өтетіндіктен, Астанаға келмей-ақ оған жазыла алады.