19.01.2015
«Байқау аясында 3-11 жас аралығындағы балалардың ата-аналарына «Қазақтелеком» компаниясының әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына жазылып, балаларымен «ғаламтор», «телекоммуникация», «байланыс», «компьютер», «планшет» тақырыптарында видеосұхбат алу талап етілді. Байқау қос тілде ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.
Байқау жұмыстарын бағалау мына талаптар бойынша сараптама комиссиясы тарапынан өткізілді. Атап айтар болсақ: тақырыпты ашу, жұмыстың оригиналдылығы мен техника және сапасы.
«Қазақтелекомның» хабарлауынша, жас жазылушылар 16 жұмыс жіберді. Ең креативті деген қатысушы сыйлыққа планшет алып, қалған қатысушылар «Қазақтелеком» АҚ ескерткіш сыйлықтарын иеленді.