16.01.2015
2015 жылдың 1 қайтарынан бастап күшіне енген, ҚР кәсіпкерлік қызмет үшін талаптарды түбегейлі өзгерту бойынша заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес жер учаскісін мақсатты пайдалануды өзгерту бойынша процедура оңтайландырылды.
«Мысалы сіздің мейрамханаңыз бар делік, енді сіз сұлылық салонын немесе супермаркет ашқыңыз келеді. Заң бойынша сіз жергілікті билік органынан жерді мақсатты пайдалануды өзгерту үшін өтініш жазып, екі ай күтесіз. Енді оны жасаудың қажеті жоқ», - деді ол.
Жер кодексіне сәйкесінше өзгертулер енгізілді. Қызмет істеудің негізгі төрт аймағы анықталып көрсетілді – коммерциялық, әлеуметтік, тұрғын үй және өзге аймақтар.
«Егер сіз коммерциялық аймақта мейрамханалық бизнес жүргізсеңіз, онда ешқандай рұқсатсыз өзге бизнес саласына оны өзгерте аласыз», - деп толықтырды Г. Құрбанбаева.
Сонымен қатар, Г.Құрбанбаеваның айтуынша, нысандарды пайдалануға беру уақытыда өзгертілді. «2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап нысанға тапсырыс берген тұлға техникалық қадағалау органдарымен бірлесіп нысанды қабылдайтын болады. Бұл дегеніңіз нысанды салушылар мен тапсырыс берушілердің жауапкершілігі күшейтілуде», - деп толықтырды ол.
Камила Амирова