• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР-да 2014 жылы мигранттар ағыны 31,4%-ға төмендеді ҰЭМ 15.01.2015

«Миграция полициясы берген статистикалық келу/ кету есебіне алу мәліметтерін саралау нәтижесінде 2014 жылдың қаңтар-қараша аралығындағы көрсеткіш 2013 жылдың қаңтар-қарашасындағы көрсеткіштен 31,4%-ға немесе 15 185 адамға төмен екені анықталды», - деді А.Смайылов.

Осы ретте, елімізден кетіп қалған мигранттар саны 18,8%-ға артып, 26 869 адамды құрады. Миграция сальдосы 11 684 адамды көрсетті. 

Комитеттің хабарламасында атап өтілгендей, ТМД елдерінен келген және қайта қайтқандар саны сәйкесінше 88,4% және 90,2% көрсетті. Есепті кезеңде 2013 жылмен салыстырғанда мемлекет ішінде көшіп жүрген мигранттар саны 60 753 адамға немесе 19,5%-ға артып, 372 353 адамды құрады. 

Камила Амирова


Back to the list