• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Міндетті мүшелік төлем көлемі азайтылуы мүмкін – ҰКП 15.01.2015

Хабарламаға сай, мүшелік төлемнің жоғарғы шегін 30 пайыз азайтып, төменгі шекті екі есе қысқарту көзделген.

«Бұл мәселе қазір талқыланып жатыр. 8 млн теңге болатын жоғарғы шек қазір 30 пайызға азайтылуы мүмкін. Төменгі шек 300 мыңнан екі есеге дейін қысқартылуы ықтимал. Бұл ақылға қонымды шара», - дейді ҰКП басшылығы.

Сонымен қатар басқарма төрағасының айтуынша, шығынға ұшыраған компаниялар аталған төлемнен босатылуы мүмкін.

«Компаниялардың шығынға ұшырау көрсеткішін анықтайтын критерийлер дайындалуда. Солар төлемнен босатылмақ», - дейді А.Мырзахметов.

Оның айтуынша, сонымен қатар әлеуметтік бағытталған компаниялар да аталған жауапкершіліктен босатылмақ. Мысалға, компанияда арнайы қажеттілікке мұқтаж 50 адам қызмет ететін болса, компания осы санатқа енбек. 


Back to the list