15.01.2015
«2014 жылдың қаңтар-қараша айларында республика халқының табиғи өсімі 2013 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда 11,6 мың аддамға өсті. Бұл көрсеткіш мың адамның басына шаққанда 15,68 адамды құрайды», - дейді төраға.
2014 жылдың қаңтар-қараша айларында туғандар саны 368,9 (363,1) мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1,6% артық.
Жалпы, оның айтуынша, 2014 жылдың 1 желтоқсанында халық саны 17 397,2 мыңға жетті. 2014 жылдың қаңтар-қараша айларында елдегі халық саны жалпы 236,4 мың адамға өсіп, 1,38 пайызға ұлғайды. 2013 жылдың 1 желтоқсанымен салыстырғанда халық саны 1,47% көбейді.