• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалардың саны 4,4%-ға артты 14.01.2015

«2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 353833 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,4% артты, оның ішінде 50 адамнан кем қызметкерлері бар – 336422 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 197829-ны құрады, оның ішінде 181338 бірлік – шағын кәсіпорындар (50 адамнан кем)», - деп хабарлады  А.Смайылов.

Сонымен қатар, статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 109%-ды құрды. 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 6020,8 млрд. теңгені құрап, 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 12,1% өсті.
2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда көтерме сауда көлемі 16 358,4 млрд. теңгені құрап, 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 7,7% артты. 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтердің көлемі 256,8 млрд. теңгені құрады және 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 0,9% өсті.

Камила Амирова


Back to the list