• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанның әскерилері Белгиядағы ҚК туралы ақпарат алмасу бойынша семинарға қатысуда 14.01.2015

 ««VERITY» бағдарламасы Еуропадағы қалыпты қарулы күштер туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасында қарулы күштер туралы ақпарат алмасуға арналған. Семинардың мақсаты жыл сайын өндіретін «VERITY» бағдарламасының мәліметтер базасын жаңарту болып табылады», - делінген хабарламада.

Семинардың жұмысына Шарттың ережелерін іске асырумен, ақпарат алмасуды даярлаумен, ескертпе хаттарды жөнелтумен және қабылдаумен, сондай-ақ оларды талдаумен айналысатын Еуропадағы қалыпты қарулы күштер туралы шартқа қатысушы мемлекеттер Верификациялық орталықтарының офицерлері тұрақты түрде қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан бұл Шартқа 1992 жылы қосылған.


Back to the list