14.01.2015
« 2014 жылдың 1 желтоқсанындағы мәлімет бойынша, елiмiздегi халық саны 17 млн 397 мың адамды құрады немесе 11 айда 1,38%-ға артты. Ал, алдыңғы жылдың 1 желтоқсанымен салыстырғанда халық саны 251 мың адамға немесе 1,5%-ға өстi. 368 мың сәби дүние есігін ашты, бұл көрсеткіш те 1,6%-ға өсіп отыр. Қайтыс болғандар саны 120 мың адамды құрап, 4,7%-ға азайды», - деді А.Смаилов.
Осы ретте, 2014 жылғы қарашадағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша 62 355 теңгені құрап, 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,1 пайызға артты. Нақты ақшалай табыстар 1,4 пайызға өсті.
«2014 жылғы желтоқсанда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 458,8 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2014 жылғы желтоқсан айының соңына 33,4 мың адам («Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,4%-ын құрады. 2013 жылғы желтоқсанда – 0,3% болды», - деп хабарлады ол.
Камила Амирова