14.01.2015
«Біз «Ақбөбек» балаларға арналған білім беру орталығының облыс орталығында өткізген акциясын қолдадық. Оған дайындық барысында ауданымызда қайырымды, өзгенің проблемасына бей-жай қарай алмайтын адамдар көп екеніне көзіміз жетті. Балаларға арналған біраз жақсы жылы киім жинадық. Бұдан басқа, акцияның көптеген қатысушылары мұқтаж отбасыларға ақшалай көмек те көрсетті», - деп баяндады «Алға аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің бас редакторы Сағадат Мұсағалиева.
Шараға жергілікті индустриялық-техникалық колледж, орталық аудандық аурухананың балалар үйінің және т.б. қызметкерлер қатысты.
Бұл қайырымдылық акциясы ауданда бірінші рет өтуде, бірақ ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай шаралар дәстүрлі түрде өткізілетін болады.