14.01.2015
Қазақтандықтардың табысы 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,1%-ға артқан. Нақты ақшалай табыстар 1,4%-ға өскен.
Комитеттің мәліметі бойынша, 2014 жылғы қарашада халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы және Астана қалалары алдыңғы қатарда, мұнда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,1-1,8 есеге артық. 2014 жылғы қарашада табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден 20-39%-ға төмен.
Сонымен қатар, Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Маңғыстау облысы мен Астана қаласында белгіленді. 2014 жылғы қарашада өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 3,4 есені құрады (2013 жылғы қарашада – 3,5 есе).