13.01.2015
«Қазақстанда ескі сәйкестік сертификатының орнына көлік құралдарын айналымға шығару бойынша жаңа үлгідегі құжатты беруге кірісті», - делінген хабарламада.
Комитетте хабарлағандай, 018/2011 КО ТР «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден Одағы техникалық регламентін жүзеге асыру мақсатында жоғарыда аталған құжаттарды толтыру жөнінде 22 сынақ зертханасы мен 4 сәйкестікті растау жөніндегі орган аккредиттеуден өтті.
2015 жылдың 12 қаңтарына жағдай бойынша 200 жуық көлік құралының қауіпсіздігі туралы куәлік берілді.