• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда үш жылда ЖКО 13%-ға төмендеді – ІІМ 12.01.2015

«Біз қабылдаған шаралар, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасы аясында өзінің оң нәтижесін беруде. Біз құқық бұзушылықты бұрынғыға қарағанда аз тіркейтін болдық. Адамдар жол жүру ережесін сақтайтын болды», - деп атап өтті И.Лепеха.

Комитет басшысының мәліметі бойынша, өткен жылы апатты жағдайлар өсімі 70% шамасында болды. Бүгінгі таңда алғаш рет үші жылда ЖКО сан бойынша 13%-ға, қайтыс болғандардың саны бойынша 15%-ға, жарақат алғандардың саны бойынша 13,2%-ға төмендеді.

«Былтыр жол қозғалысы ережесі саласында тіркелген әкімшілік құқық бұзушылық 2 млн. 321 мыңға жетті. Бұл бағытта өсім 24 пайызды құрады. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 26 млрд. 42 млн. теңгені қамтыды», - деп хабарлады ол.

Сонымен қатар, барлық әкімшілік құқық бұзушылықтардың 90%-ын полиция қызметкерлері анықтайты. «Атап айтқанда, өткен жылы біз 3 миллион 326 мың әкімшілік құқық бұзушылықты анықтадық, бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық», - деді комитет басшысы.

Камила Амирова


Back to the list