• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР Қарулы Күштері жауынгерлік әзірліктің жоғары дегейіне келтірілді (ФОТО) 12.01.2015

Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, жүргізілген сабақтардың мақсаты – басқару органдары мен жеке құрамның қойылған міндеттерді белгіленген мерзімде атқарудағы үйлесімділігін арттыру болып табылады.

Бас штабтың командасы бойынша Құрлық әскерлерінің топтамасы оқу-жаттығу орталықтары мен полигондарда жаттығу-жауынгерлік міндеттерді атқаруға кірісті. Бұл іс-қимылдарға 4 мыңға жуық қару-жарақ пен әскери техника тартылды.

«Әуе қорғанысы күштері құрамынан жауынгерлік кезекшілік атқаратын күштер мен құралдар әуеге көтеріліп, 100-ден астам түрлі авиациялық техниканың қозғалтқыштары іске қосылды, запас әуеайлақтар пайдалануға әзірленді. Әскери-теңіз күштерінің кемелері кемеге қарсы, әуе шабуылына қарсы, су асты диверсиясына қарсы оқу-жаттығу міндеттерін пысықтау үшін теңізге шықты. Қарулы Күштер топтамасынына жалпы басшылықты Стратегиялық басқару орталығынан ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов жүргізді», - делінген хабарламада. 


Back to the list