• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚТЖ президенті теміржолшыларды үймен қамтамасыз ету мәселесімен танысты (ФОТО) 10.01.2015

ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы 4 станция мен 18 жол айырығындағы еңбек ұжымдарымен,  еңбеккерлермен  кездесті. Ол алдымен теміржолшылардың баспанамен қамтылу жайына баса назар аударды.

ҚТЖ-дан атап өткендей, теміржолда жүзеге асырылып жатқан арнайы бағдарлама бойынша өндірістік және әлеуметтік нысандар, жаңа жұмыс орындары көптеп ашылуда. Жаңа темір жол желісі Сырдарияны көктей өтіп, Батысты бетке алады.

Жезқазған-Бейнеу темір жолы өткен жылы тамызда пайдалануға берілген болатын.  Алып жол құрылысы Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе областары арқылы Каспий теңізіне шығады. Мұның 142 шақырымы Маңғыстау облысы аумағына кіреді. Бұл жол телімінде жүк пойыздары жүріп жатыр. Ақтау теңіз порты арқылы жүктер Түркменстан арқылы Парсы шығанағына шығады. Жезқазған-Бейнеу темір жолының бойында 18 станция мен 39 жол айырықтары бар.


Back to the list