08.01.2015
«Қазақстан Республикасында 2014 жылғы 11 айда нәрестелер өлімінің көрсеткіші 1000 тірі туылғанға шаққанда 10 құрады, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% -ға төмен (11,5). Нәрестелер өлімінің ең төмен көрсеткіші Астана қаласында (6,5), Алматы қаласында (7,8), Ақмола облысында (8,4) тіркелді», - делінген ведомсвтоның хабарламасында.
Министрліктің мәліметіне сәйкес көп жағдайда нәрестелер өліміне перинаталдық кезеңіндегі асқынулар себеп болады. Сонымен қатар, 1 жасқа дейінгі балалар туабіткен даму ақаулары, тыныс алу органдары және қан айналымы ауруларынан шетінейді.