07.01.2015
Шараға 50 шақты кәсіпкер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Семинар барысында қолданыстағы заңнамада көзделген сатушылардың міндеттері туралы айтылып, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» жаңа заң жобасы таныстырылды.
Сонымен бірге басқарма қызметкерлері ақпараттық стенд - «Тұтынушы бұрышының» көрнекі үлгісін ұсынып, кәсіпкерлерге қажетті ақпаратты ресімдеу және толтыру бойынша ұсыныстар берілді.
Бұдан басқа, кәсіпкерлерге Қазақстан аумағында 2010 жылдың 1-шілдесінен бастап күшіне енген Кеден одағының Техникалық регламенттерінің талаптары жөнінде түсіндіріліп, Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің «Тұтынушының анықтамасы», «Нормативтік-құқықтық база», «Қоғамдық қабылдау» айдарлары орналастырылған pavlodardzpp.gov.kz. электрондық сайты таныстырылды.