06.01.2015
Жуырда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» балалар үйінің 12 тәрбиеленушісінің атынан шот ашылды. Оларға жүз мың теңгеден салынды.
«Осылайша сіздердің тұрғын үй мәселесін шешулеріңізге көмектеспекпіз, - деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жаңа жыл мерекелерімен құттықтай жасөспірімдер үйіне барған жолында.
2014 жылы облыс әкімі жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды баспанамен қамту бойынша кешенді жоспарға қол қойды. Жоспар 3 жылға шақталған. Осы уақытта 339 жетім баланы тұрғын үймен қамту көзделген.