• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жаңа жыл түнінде Астанада 68 нәресте дүниеге келді 06.01.2015

Соның ішінде 41 ер бала болса, 27-і қыз бала.

Жалпы Астанада демографиялық көрсеткіштердің жақсарғандығы байқалады. Астана қаласы халқының саны 2014 жылғы 1 қарашадағы жағдайы бойынша ағымдағы есепте 847 730 адамды құрады, соның ішінде Алматы ауданында - 378 624, Есіл ауданында - 124 970, Сарыарқа ауданында - 344 136 адам.

Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, 2014 жылғы қаңтар-қазан айларында қалада 20 287 бала туған, бұл 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 10,6% артық. Бұл ретте халықтың табиғи өсімі 2013 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда 12,3% ұлғайып, 17 325 адамды құрады. 


Back to the list