• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы 9 пайызға көбейді 06.01.2015

Бұл мақсатқа республикалық бюджетте 1 168,7 млрд. теңге қарастырылған.

Заңнамаға сәйкес, зейнетақы төлемдерінің мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып, қайта есептеледі. 2015 жылы инфляция деңгейі 6-8% шамасында, ал орта мерзімді кезеңде 5-7% дейін төмендеуі болжанып отыр. Тиісінше, зейнетақы 9% артады (7% - инфляцияның орта деңгейі және 2% - озуы).

Базалық зейнетақы төлемін есепке ала отырып, зейнетақының орташа мөлшері 50 549 теңгені құрайды (зейнетақы төлемінің мөлшері – 39 367 теңге, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 11 182 теңге), ең төменгі мөлшері, базалық зейнетақы төлемін есепке ала отырып, 34 874 теңгені құрайды.

2014 жылы республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне (соның ішінде базалық зейнетақы төлемдеріне) 1 053,5 млрд. теңге бөлінген болатын.

2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемінің мөлшері: зейнетақының ең жоғары мөлшері, базалық зейнетақы төлемін есепке ала отырып, 67 399 теңгені құраған болатын (зейнетақы төлемінің мөлшері - 56 949 теңге, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 10 450 теңге); орта мөлшері, базалық зейнетақы төлемін есепке ала отырып, 46 675 теңге (зейнетақы төлемінің мөлшері – 36 225 теңге, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 10 450 теңге); ең төменгі мөлшері, базалық зейнетақы төлемін есепке ала отырып, 32 186 теңге (зейнетақы төлемінің мөлшері – 21 736 теңге, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 10 450 теңге).

Қазақстан Республикасында 2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жасына қарай зейнетақы алушылардың жалпы саны 1 909 597 адамды құрайды.


Back to the list