06.01.2015
Салтанатты шараға «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің, әскери әуе күштерінің, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскери қызметшілері мен Қарағанды қаласындағы әскери-техникалық мектеп курсанттары қатысты.
Шара аясында облыс әкімдігімен бірлесіп Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевның атынан сыйлықтар тарту етілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 30 желтоқсанында Астанада «Жеңіске Құрмет» марафон акциясы басталды. Акцияның аяқталуы 2015 жылғы 15 қаңтарда «Жас ұлан» республикалық мектебінде өтеді.