06.01.2015
«Басқару құрамы әскери дайындықты шыңдау, әскерді басқару және метериалдық-техникалық базаны нығайту мәселелеріне ерекше дең қойды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Қарулы күштер қатарында моральды-психологиялық климатты күшейту және құрамның алға қойылған міндетті бұлжытпай орындауына назар аударылды.
Әскери дайындықты шыңдау мақсатында қазақстандық әскери қызметкерлердің қатысуымен бірқатар халықаралық оқу жаттығулар өткізу көзделді.
2015 жылдың 9 қаңтарына дейін әскердегі жауынгерлер мен генералдардың, барлық деңгейдегі штабтардың ұрыс алаңына әскери техниканы шығаруымен қатар дайындықтары пысықталады.