05.01.2015
Статистика ведомствасының хабарлауынша, 2014 жылдың желтоқсан айында негізгі тұтыну тауарларының минималды нормасымен есептелген адам басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі алдыңғы аймен салыстырғанда 1,2% ұлғайса, 2013 жылдың желтоқсанына қарағанда 9,2% артық.
Соның ішінде ет пен балық сатып алу шығындары 22,6%, сүт, май мен жұмыртқа өнімдерін сатып алуға кететін шығын 16,8%, жеміс-жидек пен көкеніс 10,5%, нан өнімдері 7,9%, қант, шай мен басқа да өнімдерге аталмыш көрсеткіштің 2,2%-ы жұмсалады.