05.01.2015
«Осындай құттықтауларының қатарына мен Президенттің Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне арналған сөзін атап өтер едім. Нұрсұлтан Әбішұлы Жаңа жыл қарсаңында Ұлы жеңістің 70-жылдығына орай Президенттік акцияға бастау беріп, рухани серпіліс жасады. Мыңдаған соғыс ардагерлері Президент атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар алды», - деп атап өтті еңбек ері.
Г. Гойхман баса айтқандай, ҚР Президенті баршамызға баланың әкеге және атаға қалай құрмет көрсетуі керек турасында сабақ берді. Бұл әлем халықтары мен олардың билеушілеріне үлгі.
«Мен ауызбіршілігі мен ынтымағы жарасқан елде тұратынымды мақтан тұтамын. Мен өзімнің жасыма қарамастан қиындығы көп медицина саласында әлі де қызмет етіп келемін және өз елімнің өсіп өркендеуіне кішкентай болсада үлес қосып келе жатқаным үшін бақыттымын. Президенттің бұл игі шарасы жақсылық пен бейбітшілік символына айналсын деп шын жүректен тілеймін», - деді ол.